Бүгін таңертең сағат 6:20 шамасында «Алтын бұлақ» тұрғындары үй астындағы көлік тұрағынан қою түтінді байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Таңғы сағат 06:23-те өрт сөндірушілер «Алтын бұлаққа» барды. Өрт ошағын анықтау үшін өрт сөндірушілер арнайы құрал қолданып, оның көмегімен екі көлік жанып жатқанын анықтады. Жақын тұрған көліктерге де өрт қауіпті болды», – деді өрт сөндірушілер.
Өртті толықтай сағат 07:09-да сөндірді. Себебін мамандар анықтайды.