Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды
Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды
145
оқылды
Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды. Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды. Боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:
  • Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
  • Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы.
  • Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
  • Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
  • Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.