Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
129
оқылды
Республиканың бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды,– деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 12 наурызда Қызылорда облысында көктайғақ, боран күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түндегі жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде боран, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын мен тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа  жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсуі ықтимал. 12 наурыз күні түнде батыстан, солтүстік-батыстан тұрған жел 15-20-ға жетіп, екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында 12-14 наурыз аралығында кей жерлерде боран тұрып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кейде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ал ауа температурасының 2-7 градустан 20-25-ке дейін төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30-ға дейін суытады. Ал өңірдің оңтүстігінде 15-ке дейін. 13 наурыз күні облыстың басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында 12-13 наурызда ауа температурасы күрт төмендейді  13-15-тен  25-30-ға дейін, кейде 22 градус аяз. Түркістан облысында 13-14 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 12 наурызда күндіз көп жерлерде оңтүстік-батыс жақтан тұрған жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, бұл күндері жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. 12 наурызда күндіз таулы аймақтарда жел екпіні 30 м/с-қа жетіп, кейде одан да жоғары болмақ. 13 наурызда күндіз ауа температурасы күрт төмендейді, 16-20-дан кейде 6-11, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус суықтықты көрсетеді.