Англияда коронавирустың жаңа түрі анықталды, – деп хабарлады жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы.
"4 наурызда Англияның оңтүстік-шығысында Антигуа қаласынан келген адамдардан екі жағдай анықталғаннан кейін VUI-202103/01 жаңа нұсқасы VUI деп аталды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ коронавирустың "бразилиялық" штамын жұқтыру бойынша төрт жаңа жағдай тіркелді деп жазады РИА Новости.