Солтүстікте қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Тек қана батыста антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейіп, оңтүстікте күндіз найзағай күтіледі.
Түркістан облысында күндіз желдің күшеюі 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, таулы аудандарда 30 м/с және одан жоғары болады.
Қызылорда облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысында бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында тұман, түнде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Алматы облысында түнде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.