«Паразит» Оскар алуы мүмкін
«Паразит» Оскар алуы мүмкін
441
оқылды
9 акпан күні Лос-Анджелесте  «Оскар-2020» салтанаты өтеді. Америка кинематограф өнері мен ғылыми академиясы 92-рет жыл үздігін анықтайды. «Оскар» тарихында осымен үшінші рет жүргізуші болмайды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін кеш алдында жүлде жайында болжам ұсынамыз. Америка киноакадемиясы қазір «дауылдан кейін» қайта түлеу маусымын бастан өткерді. Мәселен, 2016 жылы Уилл Смит баста­ған топ Оскар салтанатына қатысудан бас тартты. Оған 2015-2016 жылғы жүлдеден дәмелілер тізімінде бірде-бір қаранәсілді азаматтың болмауы әсер етті. Артын­ша академия президенті Шерил Бун Айзекс эскперттер құра­мын қайта қарайтынын айтты. Нәтижесінде, құрам жаңарып, 683 жаңа мүше қабылданды. Айт­қанындай, алқа 46 пайызы – әйел, 41 пайызы афроамерикалық пен азиаттан тұрды. Өйткені Айзе­кс үміткерлерді гендерлік, нә­сіл­дік, ұлттық және жыныстық бағдарды ескере отырып, таңдау керегін атап өтті. Сонымен, биылғы Оскар не үшін басқасынан өзгерек? Себе­бі біраздан бері академияны рей­тинг мәселесі мазалайды. Есте­ріңізде болса, 2016 жылғы Оскар кеші тарихтағы ең аз қара­лым жи­наған еді. Мамандар марапат күнін алға жылжытып, ВАҒТА мен Киноактерлер гильдиясы пре­мия­­сының ізін суытпай өткі­зуді жөн көріп отыр. Жыл кешінің ерекшелігі мұнымен бітпейді. Үміткерлер арасында «1917» әскери драмасы, оңтүстік­ корея­лық «Паразит» пен Netflix-тің «Неке оқиғасы» фильмі бар. Не­лік­тен ойды аталған фильмдер­мен жалғадық. Өйткені бұлар жо­ғарыдағы премияда жарқын жеңіске жетті. Әрі «Паразиттің» «Жыл киносы» тізіміне енуі жаңа­лық. Егер осы фильм жеңімпаз атан­са, Оскарда кішігірім төңкеріс болар еді. Себебі бұған дейін ешбір шетелдік туынды Голливудтың бұл биігін бағындырған емес. Болжам басын, әдсттегідей үздік фильмді айқындаудан бас­таймыз. Белгілі киносценарист Мұрат Есжан төмендегідей болжам жасады. «Биыл фильмдердің бәрі бір-бірінен өтеді. Сондықтан қай-қайсы болмасын үздік. Де­ген­мен көпшілік пікірі «1917» фильмі­мен түйіседі. Ал менің бүй­регім «Паразитке» бұрып тұр. Себебі «Паразит» үздік фильм атануға әбден лайық картина деп санаймын. Оскар тарихында әлі бірде-бір шетелдік фильм «Үздік фильм» аталымында жеңіске жетпеді. Иә, маман пікірімен ке­лі­суге болады. «ІІаразит» – Ос­кар­­да үздік фильм тізіміне енген та­рих­тағы алтыншы шетел туын­дысы. Ал «Үздік режиссерлік жұ­мыс» аталымы үздік фильмнің тағ­дырымен тамырлас екені белгілі. Демек, «Үздік фильм» номи­на­ция­сында жеңгені режиссеріне Оскар алып береді. Бұл тұрғыда киносценарист былай дейді: «Көп жағдайда «Үздік фильм» ата­ғын алған картина режиссері «Үз­дік режиссерлік жұмыс» ата­лы­­мында жеңіске жетеді. Биыл үздік режиссерлік жұмысты күрделі қойылымдары үшін Сэм Мендес алуы ықтимал. Дегенмен «Ирландиялық» фильмі үшін Мартин Скорсезе де бұл атаққа лайықты». Жөн сөз. Себебі Сэм Мендестің еңбегі ВАҒТА-да баға­лан­ды. Жылдың үздік актеріне келсек, сөзсіз Хоакин Феникс ойға оралады. Актерлік шеберлігі мен харизмасы көз қарықтырған ол Актерлер гильдиясы мен ВАҒТА-да топ жарды. Сарапшымыздың да пікірі Фениксті нұсқады. «Хоакин Феникс – үздік актер атануы әбден мүмкін. Актер ойыны үл­кен талқылауға түсті. Бірі жер-көк­ке сыйғызбай мақтаса, бірі Хит Леджермен салыстырып, тө­мен деген баға берді. Қалай болған­да да өзгеше ойын көрсетті деп ойлаймын». Биыл Скарлетт Йохонссон екі аталым бойынша сынға түседі. «Неке оқиғасындағы» Ноа Баумбах рөлі үшін «Үздік актриса», «Қоян Джоджодағы» Тайки Вайтити рөлі – «Екінші пландағы үздік актриса». Мұндай жағдай Оскар тари­хында 11 рет болған. Бірақ еш­қайсысы қос аталымда жеңіске жетпеді. Скарлетте мүмкіндік бар ма? Жоқ. Өйткені киногерлер «Үздік актриса» аталымына Джу­ди рөліндегі Рене Зеллвегерді ла­йық көреді. Сондай-ақ аталым үміт­­керлерінің қатарына Синтия Эриво («Гарриет ) кірді. Есіңізде болса, актрисада «Эмми», «Грэм­ми», «Тони» жүлдесі бар. «Үздік актриса» атанбаса да, «Үздік әнді» (Stand uр) жеңіп, алтын төрт­­тікті жинай алады. Ал «Екінші план­дағы үздік актрисаға» келсек, «Неке оқиғасы» фильміндегі Лора Дерннің мысы басым болып тұр. Том Хэнкс, Энтони Хопкинс, Аль Пачино, Джо Пеши жэне Бред Питт. Аталғандар – «Екінші план­дағы үздік актер» болуға үміт­кер. Мұрат Есжан пікірінше, «Екінші пландағы үздік актер» аталымын Бред Питт алуы мүмкін. «Өйткені ол көптен бері «тасада» жүрген актер. Көп фильмге түседі, бірақ осындай марапатқа келгенде жолы болмай жүр. Әрі осы жолы «Бір күні... Голливудта» фильміндегі рөлі де ерекше әсер қалдырады» дейді ол. Көпшілік демін ішке тартқан сәт. Өйткені сценарийдің ішіндегі ерекшесін таңдау оңай емес. Ос­кар­ға үмітті екенін ескерсек, әр фильм­нің сценарийі – таңдаулы. Кевин Тарантино, Райан Джон­сон, Сэм Мендес бәсекеге түскен бәйгеде кім жеңеді? «Үздік сцена­рийге» келсек, бұл жерде үздік ата­нуға үміткер болар фильм же­терлік. Бірақ Тарантиноның бұрын алғаны бар, Райан Джон­сон­­ның стилі бұрыннан бар форма. Енді «Паразит» көптеген сыншы айтқандай «Пон Чжун Хо жан­рында» түсірілген. Яғни, сценарист Пон Чжун Хо комедия, триллер, драма­ны бір фильмге топтастырды. Сон­дай бір тың жанр, субжанрдың пайда болуына ықпал еткенін айта кету керек. Ерекше сценарий деп топ­шылаймын. Сондықтан атал­ған фильм жеңіске жетуі ке­рек» деп топшылайды сарапшы. Бұл аталымнан болек, «Үздік бейімделгсн сценарий» аталымы тағы бар. Тайка Вайтитидің «Қоян Джоджосы» үздік атануға сұра­нып тұр. Себебі ол ВАҒТА мен сценаристер гильдиясын иеленді. «Толықметражды үздік ани­ма­­­циялық фильмде» интрига ба­сым. Өйткені «Клаус» ВАҒТА мен Аnnіе-ні алса, «Линкті іздеу» «Алтын глобус» жүлдесін же­ңіп алды. Ал «Ойыншықтар хи­кая­сы-4» 2019 жылдың ең көп қарал­ған мультфильмі атанды. Осы фак­торды ескерсек, фаворитті анық­тау оңай болмай тұр. «Үздік шетел көркем фильмі» ата­лымына басты үміткерлер – «Пара­зит» пен «Бал елі». Мұрат Есжан­ның пікірінше, биылғы салта­наттағы басты жаңалық «Шет тілдегі үздік фильм» аталымының «Үздік шетел көркем фильміне» (Іnternational Future) өзгеруі. «Бұл жерде көш басында «Паразит» тұр. Бірақ оңтүстіккореялық фильм басқа аталымда жеңіске жететін болса, мүмкін, одан кейінгі орын­да тұрған «Бал елінің» бағы жанар» дейді Мұрат Есжан. Түрлі болжам жасап, дәлел кел­тіргенімізбен, соңғы сөз – Америка кинематограф өнері мен ғылыми академиясында. Өздері бекіткен ереженің аясында көпке ұнайтын шешім шығаратын болар. Ал біздікі жыл үздіктерін тізбелеу болатын.   Айзат АЙДАҚЫЗЫ