Бірнеше облыста жолдар әлі де жабық
Республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
Атап айтқанда, Ақмола облысы:
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы – Державинск қаласы аралығында.
- «Көкшетау-Атбасар» жолының 48-184 шақырымы, Зеренді кенті – Атбасар қаласы аралығында.
Қарағанды облысы:
- «Жезказған-Петропавл» жолының 142-252 шақырымы, Сарлы ауылы – Қостанай облысының шекарасы аралығында.
Қостанай облысы:
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі аралықта.
- «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шекарасы» жолының 82-161 шақырымы, Жітіқара – РФ шекарасы аралығында.
Павлодар облысы:
- «Ленин кенті-Ертіс-Русская поляна ауылы» жолының 0-274 шақырымы, Ленин кенті мен РФ шекарасына дейінгі аралықта.
- «Омбы-Майқапшағай» жолының 191-390 шақырымы, РФ шекарасы мен Мичурино ауылы аралығында.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жол жабық.