Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі
Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі
564
оқылды
Президент тапсырмасы бойынша тағайындалған көмекті бас­ пай­дасына жаратқандардың әлегі қарапайым отбасыларды әуреге са­лып қойды. Басындағы баспанасы мен меншігіндегі мүлкін жа­сы­­рып, мемлекеттен қаржы алғандар енді бұған дейін алып қой­ған ақ­ша­сын қайтаруда. Алайда шырмауықша шыр­мал­­ған мә­селенің байы­бына бармай, көпбалалы және әлеу­мет­тік аз қам­тылғандар да қосақ арасында кетуі атаулы кө­мек­тің жақсы­лы­ғын жуып-шаю­да. Халық игілігіне арналған қа­ра­жаттық қолдаудың нақты ие­ле­рі­не жетпеуі халық қалаулы­лары­ның да назарынан тыс қал­мады. Атырау қалалық мәс­ли­ха­ты­­ның депу­таты, кәсіподақ сала­сы қыз­меткері, заңгер Сал­та­нат Рахи­мова қала тұрғын­дары­­мен кез­десуін­де облыс бо­йын­ша мем­­ле­кеттік атау­лы әлеу­мет­тік кө­­мекті таға­йын­­дауға бай­ланыс­ты мәселе туы­ндап отыр­ғанын ай­тып отыр. Халық тарапынан айтылған ша­­­ғымдар негізінде Салтанат Ас­қар­қызы облыс басшысы мен өңір­­ден сайланған Сенат және Мә­­жіліс депу­таттарына  атаулы әлеу­меттік көмектің кері қайтары­луы жағда­йын баяндап, ұсыныста­рын жол­дап­ты.
– Облыс тұрғындары өздеріне тө­ленген атаулы әлеуметтік кө­мек­ті қайтару туралы хабарлан­ды­ру­лардың беріліп отырғанына ша­ғым­дануда. Атаулы әлеуметтік көмекті қайтару туралы хабарла­ма­ларда табыс көзінің асып кетке­ні туралы көрсетілгенімен, көпба­ла­лы аналардың түсіндіруінше, оқиға басқаша бетбұрыс алып отыр. Басты себеп – олардың не­ме­се жұбайларының, тіптен ата-енелері­нің жұмыс орнынан қо­сым­­ша зей­нет­ақы жарналары­ның аудары­луы немесе атына жеке кәсіпкерліктің тіркелуі, үйдің, авто­көліктің болуы атаулы әлеу­мет­тік көмектен айы­рып отыр. Аз қамтылған отба­сы­ларды асырап отырған әйелдер жә­не көпбалалы аналардың ай­туын­­ша, олар ең алғаш атаулы әлеу­меттік көмекті алуға тілек біл­ді­ріп құжат тапсыр­ған кезде отба­сын­дағы ешбір та­быс­ты немесе мү­лікті жасырмаған, комис­сия сұ­ратқан барлық құжат­тарды то­лықтай тапсырған. Сонымен қа­тар жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­дарламалар және азаматтық хал ак­­тілерін тіркеу бөлі­мі комиссия­ла­ры­мен өтініш беруші ұсынған құ­жаттар зерттел­ді, олар мемле­кет­тік органдардың дерекқоры арқылы тек­серілді, – дейді Салтанат Рахи­мо­ва.
Заңгер депутаттың айтуынша, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңның талаптары бойынша учаскелік комиссиялар уәкі­летті органдарға атаулы әлеу­мет­тік көмек көрсету жөніндегі қыз­метте жәрдемдеседі, отбасы­лар­дың материалдық жағдайы тура­лы қорытынды дайындайды.Заң талабына сай атаулы әлеумет­тік көмек алуға үміткер отбасы­ның жиын­тық табысын айқындау атау­лы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініш­тің және мемлекеттік ор­гандардың, ұйымдардың ақпарат­тық жүйе­лерінен алынған мәлі­меттер­дің негізінде жүргі­зі­леді. Сонда «арнаулы комиссиямен тағайындалып, мемлекеттік ор­ган­­мен төленген атаулы әлеу­мет­тік көмекті алып, балаларын асы­рап-бағу үшін отбасы қажетіне жұм­саған бұл аналардың қандай кінә­сі бар?!» деген сұрақтың жауа­бын ешкім айтпады. Бүгінгі күні көпбалалы, кейбір мүгедек балалары бар аналардан атаулы көмекті кері қайтару талап етілу­де. Тіпті,  5-6 баласы бар ана­лар осы атаулы әлеуметтік көмекті банктерден несие алып, қайтар­ған­­дарын айтып отыр. Бұл – олар сол жәрдемақы көлемін банктерге сыйақысымен қосып, кемінде екі еселеп кері төлейді деген сөз. Бір анығы, мемлекеттен атау­лы көмекке бөлінген қазына қар­жы­­­сына көз алартушылардың ке­сі­­­рінен қарапайым отбасылар қиын­дық көріп отыр. Адамнан ке­лер аярлықтың шегі бола ма?...    width=Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы