Түркия мен Египеттен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Түркия мен Египеттен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
5,101
оқылды
11 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Олардың арасында 2 334 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 631 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.   
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз – 239);
  • Алматы әуежайына – 8 рейс (1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз – 297);
  • Орал әуежайына – 2 рейс (199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз – 95);
  • Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 126 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде. Сондай-ақ, 10 наурызда елге ПТР-анықтамасыз келген 374 ҚР азаматының төртеуінен коронавирус анықталды: үш жолаушы Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) Ақтөбе әуежайына, бір жолаушы Анталиядан (Түркия) Алматы әуежайына келген.