ҰҚК аса қауіпті 16 адамды ұстады
ҰҚК аса қауіпті 16 адамды ұстады
105
оқылды
10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігі бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді.
ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ұсталған топтың 16 мүшесі адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның Қазақстан шекарасынан тыс контрабандасы, сондай-ақ, трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау бойынша айыпталды.
Қылмыстық топ құрамында құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері болғаны анықталды. Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақша, бағалы заттар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді. Жедел-тергеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.