Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, бір адам көз жұмды
Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, бір адам көз жұмды
148
оқылды
Ақтөбе-Атырау тасжолында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты. Ақтөбе-Атырау тасжолында «Honda CRV» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Қандыағаш қаласына бара жатқан кезде Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің маңында жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Ол алдынала болжам бойынша Темір аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Honda CRV» автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы Қандыағаш қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. «Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейржан Кенжебаевтың айтуынша, қазір үш науқас ауруханада жатыр.
«1992 жылы туған науқас бас-ми жарақатын алды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ол есін білмейді. Санавиация шақырылып, бірден нейрохирургтер қарады. Сонымен бірге 1962 жылы туған науқас та түрлі дене жарақатымен түсті. Ол жедел жәрдем қызметкері. Бүгін Ақтөбе қаласына жеткізу жоспарда бар. Сонымен бірге 1992 жылы туған науқастың да жағдайы жақсы. Ол ем алып жатыр», - деді Мейржан Кенжебаев.