Электронды дүкен мәртебесі заңға енеді
Электронды дүкен мәртебесі заңға енеді
5,179
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­­лы­ғымен Палата бюросы оты­­рысында алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақты­ланды.

Депутаттар қарауына «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылды. Заң жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бағытында әзірлеген. Аталған құжатта сатып алудың жаңа тәсілін – электронды дүкенді енгізу ұсынылады. Заң жобаларын қабылдау кәсіпкерлерге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысуға ашық және әділ бәсекелестік мүмкіндігін береді. Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Палата депутаттары адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарайтын болады.

 Елдос СЕНБАЙ