Ұшақ жолаушылары ресейлік әйелді скотч және жіппен байлап тастаған
Ұшақ жолаушылары ресейлік әйелді скотч және жіппен байлап тастаған
178
оқылды

Ресейдің Новосібір қаласынан Владивостокқа бағыт алған ұшақтың жолаушылары теріс қылық көрсеткен ресейлік қызды жіп және скотчпен байлап тастады. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Полицияның мәліметінше, әуе кемесі көтерілгеннен кейін, 15 минут өткен соң жолаушы қыз орнынан тұрып, сырт киіммен салонда әрлі-берлі жүріп қоймаған. Сонымен қатар әйел экипаждың сөзіне құлақ аспай, ескертулеріне жауап бермеген. Ақырында бортсеріктер мен басқа жолаушылар тәртіп бұзушыны тоқтатқан. Олар оны жіппен байлап, ауызын скотчтап қойған. Ұшақ қонғаннан кейін әйел Полицияның кезекші бөліміне жеткізілген. Сол жерде ол ұшу алдында синтетикалық есірткі пайдаланғанын мойындаған. Жолаушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.