Нұр-Сұлтан әуежайы тазалықшылардың шағымына жауап берді
Нұр-Сұлтан әуежайы тазалықшылардың шағымына жауап берді
© Сурет ғаламтордан
5,292
оқылды
"Нұр-Сұлтан әуежайының бірқатар қызметкерлері тазалықшылар оларды жұмысқа қажетті құралдармен қамтамасыз етпейтіндігіне шағымданғаннан кейін жазаланды", деп хабарлайды әуежай өкілдері. " Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ағымдағы жылдың 7 ақпанында әуежайдың үй-жайларын, ғимараттарын және аумағын жинау бойынша ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың жинау үшін қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілмеуіне қатысты ұжымдық шағымын қарап, қажетті, оның ішінде сабын-жуу құралдарының толық көлемде бар екенін хабарлайды. Аталған тұлғалармен ақылы қызмет көрсету туралы келісім шарт бұзылмаған", - делінген Instagram-дағы әуежай хабарламасында. Сонымен қатар, коронавирустың таралуының алдын алуға байланысты ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әуежай басшылығы қолда бар талаптарға сәйкес барлық қызметкерлер мен жалға алушыларға, сондай-ақ әуежай аумағында ақылы қызмет көрсететін тұлғаларға жоғарғы талаптар қойылды. Оның ішінде медициналық маскаларды міндетті пайдалану бойынша. "Сонымен қатар, әуежай басшысы бұл өтінішті назардан тыс қалдырмағанын және осы өтініш бойынша дереу шара қолданғанын хабарлаймыз. Жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша әуежайдың жұмысы мен аэровокзал кешенін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін тиісінше атқармауына байланысты тәртіптік жазалау шаралары, оның ішінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс түрінде, аэровокзал кешенінің басқарушы директорына және сатып алу басқармасының бастығына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - деп қосты әуежайда. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Facebook пайдаланушысы Нұр-сұлтан әуежайындағы қоғамдық дәретхананың раковиналарындағы пластикалық бөтелкелердің фотосуреттерін жариялап, асытна: "Астана әуежайындағы сұйық сабын. Алдымен бірден түсінбедім. Біреу су құйылған бөтелкені тастап кеткен екен деп ойладым", – деп жазды . Кейін әуежайдың баспасөз хатшысы сұйық сабынға арналған диспенсерлер келесі күні жедел түрде сатып алынғанын және ауыстырылғанын мәлімдеді.