Павлодарда салмағы бір келіден асатын есірткі тәркіленді
Павлодарда салмағы бір келіден асатын есірткі тәркіленді
155
оқылды
Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы есірткі құралдарын ірі жеткізушілердің бірі болып шықты,– деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.
 – Сағат 09:35-те Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орыннан  алынған 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.