Елбасы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Елбасы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
163
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
– Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін, – делінген Елбасының жеделхатында.
Айта кетейік, 17:20-да «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан төрт адам көз жұмып, екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.