Tengrinews-тің мәлімдеуінше, куәгерлер Алматыдағы АН-26 ұшағы қалай апатқа ұшырағанын айтып берді. Михаил Левашов ұшақ құлаған сәтте сол жердің маңынан өтіп бара жатқан.
«Сағат 16-да достарыммен үйге қарай шықтық. 17.19-да олар ұшақтың біртүрлі қонып жатқанын көріп, «айналып жатқан сияқты», «бірақ, әуеде алға ұшып барады» деп сөз етіп тұрған. Бірнеше секундтан кейін, сағат 17.20-да жарылыс болды. Ұшақ құлағанын түсіндік», – деп бөлісті Михаил Левашов.
Ұшу-қону жолағына қарай жүгіріп, Михаил видео түсіре бастаған. Бірнеше минуттан кейін оқиға болған жерге өртсөндірушілер жетті.
«Ұшақ құлағаннан кейін тағы үш кішігірім жарылыс болды. Бірақ, ең біріншісі жойқын жарылыс еді», – дейді видео авторы.
Мадияр Молдахмет те Алматы әуежайы маңында болған оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.
«Қызылту ауылына қарай кетіп бара жатқанмын. Ұшақтың қалай құлағанын көрмедім. Бірақ, Алматы әуежайының ұшу-қону жолағынан шығып жатқан қою түтін мен өртті байқаған кезде тоқтадық. Үрейлендік, өйткені, біз бір нәрсе болғанын түсіндік», – дейді ол.
Еске салсақ, №4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан екі адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың түннен аман шыққанының өзі – қуаныш.
[embed]https://youtu.be/4SDaNzyFuxs[/embed]