513 адам шетелден ПТР анықтамасыз келді
513 адам шетелден ПТР анықтамасыз келді
95
оқылды
Қазақстанға шетелден ұшып келген 513 жолаушының ПТР анықтамасы болмай шыққан. Бұл  жайында coronavirus2020.kz сайты мәлімдеді. 13 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. 2 621 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 адам келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады және карантин стационарында нәтижесін күтеді.