Жексенібіге арналған ауа райы болжамы
Жексенібіге арналған ауа райы болжамы
© Сурет ғаламтордан
476
оқылды

Синоптиктер жексенбіде елімізде тұман түседі, көктайғақ болады, жауыцн жауып арты қарға айналады, қатты жел тұруы мүмкін, деп болжайды.

9 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі, оңтүстік аудандарда күн күркірейді. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасын соғады, – делінген болжамда.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 18 м/с жетеді, бұрқасын соғады. Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, одан да асып кетуі мүмкін. Түркістан облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, тау бөктерлерінде 30 м/с және одан да қатты соғуы мүмкін.