«340 миллион теңге...» – Қапшағайда түбектің сатылуына қатысты әкімдік өкілі пікір білдірді
«340 миллион теңге...» – Қапшағайда түбектің сатылуына қатысты әкімдік өкілі пікір білдірді
264
оқылды

Жер учаскесі жеке тұлғаға тиесілі, – деп жазады Tengrinews.kz.

Қапшағай қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жер 2005 жылы жекеменшікке берілген.

«Қапшағай әкімдігінің 2005 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен 5 гектар жер учаскесі жеке меншікке берілді. Қазіргі уақытта 2017 жылғы 21 маусымдағы жер учаскесін сатып алу-сату шарты негізінде азаматтың атына тіркелген. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдар рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Жер учаскесіне қатысты Қазақстанның заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы», – деді әкімдік өкілі.

Қапшағайдағы 5 гектар түбектің бір бөлігі сатылатыны туралы хабарлама Krisha.kz порталында жарияланған.