BMW маркалы жеңіл автокөлік иесі жол жиегінде тұрған полицейлердің қызметтік көлігін соқты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде Instagram парақшасында қызметтік көлікке қатысты жол-көлік оқиғасының бейнежазбасын анықтады.
Полицейлер тексеру жүргізді. Биыл 13 наурыздан бастап Түркістан облысында күн күрт суытты. Полицейлер жолаушыларға жол көрсетті, көмектесті.
https://youtu.be/P1sZ2YAJ4Ls
Сондай сәтте жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетіп, жол жиегіне қойылған полицейлердің қызметтік көлігін жеңіл автокөлік соғып кеткен. Бұл оқиға биыл 14 наурызда Ордабасы ауданы аумағы Шымкент – Самара тасжолының 49-50 шақырымында сағат 17:15 шамасында болған.
Полицейлер жер тайғақта жолаушыларға көмектесіп жатқан. Сол сәтте BMW көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, полицейлердің жол шетінде тұрған екі қызметтік көлігін соққан.
Жүргізуші – Шымкент қаласының тұрғыны. Ол ішімдік ішпеген. Тергеу басталды.