Бір қалам – 2414 теңге: ШҚО әкімдігі халықтың қаржысына үш жүз премиум қалам сатып алмақшы
Бір қалам – 2414 теңге: ШҚО әкімдігі халықтың қаржысына үш жүз премиум қалам сатып алмақшы
1,029
оқылды
ШҚО әкімінің аппараты бір данасы 2 414 теңге тұратын 300 қалам сатып алмақшы. Қаламға жұмсалатын жоспарланған қаржының жалпы сомасы – 724 200 теңге. Онда қаламның Berlingo "Velvet Premium" брендінен болуы керек екені және оның басшыға арналғаны жазылған. Тауардың техникалық ерекшелігі: қалам Berlingo "Velvet Premium" шарикті, 0,7 мм, корпусы қара, көк түсті және сиясы көк. [caption id="attachment_119840" align="aligncenter" width="1848"] width= Goszakup.gov.kz сайтынан скриншот[/caption] Қаламның бағасы Яндекс Маркетте 2394 теңге, ал Satu.kz сайтында 2520 теңгеден басталады. Интернет дүкендерде Velvet Premium шарикті қаламын былай сипаттаған:  "бордо" лакпен қапталған, мыстан жасалған және күміс элементтермен безендірілген. Қалам пластикалық сыйлық қорапшасына және картон қорапқа салынады. Хабарландыру 10 наурызда мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланды. Сатып алуға өтінім баға ұсыныстары бойынша қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі 17 наурызда бітеді. Бірақ қазірге дейін бір де бір өтінім түспеген. Қалам келісімшарт жасалған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізілуге тиіс. [caption id="attachment_119851" align="aligncenter" width="500"]қалам Berlingo «Velvet Premium» Фото: Оzon.ru[/caption] ШҚО әкімінің аппараты дәл осы брендтің премиум қаламынан басқа данасы 160 теңге тұратын 350 Techno-gel Grip қара түсті гель қаламға тендер жариялады. Оған жоспарланған жалпы сома – 56 мың теңге. Сонымен қоса данасы 217 теңге тұратын 800 Brauberg Trios шарикті қаламын сатып алмақшы. Оған бөлінген жалпы сома – 173 600 теңге. Аталған сатып алуларға өтінім беру мерзімі 17 наурызда аяқталады. Бірақ бір де бір өтінім түспеген.