Бекшин Алматыда қашан қатаң карантин енгізілетінін айтты
Бекшин Алматыда қашан қатаң карантин енгізілетінін айтты
141
оқылды
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қалада қатаң карантин енгізілетінін айтты. 
"Бүгінгі таңда 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар 7 мың  төсек-орын қоры бар, бірақ бұл да таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды. Күніне ауруханаға 300 науқас жатқызылса да, қала қатаң карантинге жабылады. Шектеу шараларын уақытылы қабылдамасақ, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Бұған жол бермеуіміз керек. Әлі кеш емес",– деді ол брифингте.
Бұған дейін Алматыда 13 наурыздан бастап карантин күшейтілгенін жазған болатынбыз.