Қызылорда облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты
Қызылорда облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты
125
оқылды

Қызылорда облысында тұрғын үйде газ боллоны жарылып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кенті Рүстембеков көшесі 29 жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып,  4 адам қайтыс болды. Олар – С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.)",– деп жазды ол.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.
Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
"Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!",– деп жазды әкім.