Мереке қарсаңында пойыздараға қосымша рейстер қосылады
Мереке қарсаңында пойыздараға қосымша рейстер қосылады
139
оқылды
Наурыз мерекесі қарсаңында «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстер қосылады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндері жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалатынын хабарлайды:
  • Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 2021ж. 19, 22, 26 наурызда жөнелтіледі.
  • Шымкент стансасынан 2021ж. 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі.
    Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн рәсімдеуді сұрайды
Карантин режиміне байланысты жолаушылар вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін сақтауы тиіс.