4 мыңға жуық адам қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өткен - БАҚ
4 мыңға жуық адам қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өткен - БАҚ
© Сурет ғаламтордан
258
оқылды
Қырғыз-Қазақстан шекарасын "Кен-Булун-автодорожный" бақылау-өткізу пункті арқылы шамамен 4 мың адам кесіп өтті, деп хабарлайды 24.kg. Агенттік атап өткендей, Қырғызстанның шекара қызметі бұл санға әзірге түсініктеме берген жоқ. Токмак қалалық Кенеш депутаты Юсуп Ваншаның мәліметі бойынша, тұрғындар 7 ақпанда тәртіпсіздік орын алған қазақстандық ауылдардан Қырғыз Республикасында тұратын туыстарына келеді. Қырғыз Республикасындағы дүнген диаспорасының айтуынша, үйлер өртеніп тұратын жері болмағандықтан келіп жатқандар уақытша Қырғыз Республикасында тұруға келген. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі барлық келушілерді тепловизормен коронавирус белгілеріне тексеруде. Келушілердің негізгі бөлігі-әйелдер, балалар және қарт адамдар. 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданында ТЖ режимін жариялауға тапсырма берді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға жол берген шенеуніктерді жазалауға уәде берді.