Бір тәулікте елімізге 2 450 жолаушы келді. Оның 2300-інде анықтама бар. 150-і анықтамасыз келген.
Атап айтқанда, Алматыға – 1 367 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 531 жолаушы, Ақтауға – 288 жолаушы, Қарағандыға – 138 жолаушы, Шымкентке 126 жолаушы келді.
Анықтамасы жоқ азаматтар ПТР тест тапсырды.
Ал 14 наурыз күні шет елден анықтамасыз келген 793 жолаушының ПТР тест нәтижесі белгілі болды. Шарм эль-Шейхтен Нұр-Сұлтанға келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды.