Көпбалалы ана Айсұлу Құздыбаеваға сертификат 1 наурызда Алғыс айту күні берілген.
«Облыс әкімі Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы ретінде ЭКО басшылығының атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің сертификатын, «Динар-Электромаш» ЖШС атынан 18 баланы асырап алған Жетесовтер отбасына – 350 мың теңге, Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының атынан Айсұлу Құздыбаеваға үйін жөндеп, жиһаз сатып алуға 2 миллион теңгенің сертификатын берді», – дейді әкімдік өкілдері.
Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының өкілдері қайырымдылық туралы өздері ұсыныс жасап, облыс әкімінен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі ретінде сертификат ұсынуды сұраған, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Айсұлу Құздыбаеваға екі миллион теңгенің сертификаты жөндеу жұмыстары мен жиһаз сатып алуға жұмсалып қойғаны түсіндірілді. 1 наурызда Айсұлу Құздыбаеваның үйінде жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһаз да бірден әкелінген болатын. Бүгінде Айсұлу Құздыбаеваның әкімдікке ешқандай шағымы жоқ», – дейді әкімдік өкілдері.