Мүлік иелері бірлестіктерін құру мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда астанада тұрғын үй тарифін біріздендіру мәселесі айтылды.
«Тарифті қайта қарау мүмкіндігін зерделеу керек сияқты. Астанада 1997 жылдан бері тарифі көтерілмеген үйлер бар. Ондай үйлердің тұрғындары тарифтегі өзгерістерді айтарлықтай ауыр қабылдап жатады», – деді iQamal қауымдастығының басшысы.
«Қала бойынша нақты бір тарифті бекітуге болады деп ойлаймын. Бұрын тұрғын үй қорын күтіп ұстаудың ережелері болды емес пе? Осы тұстарды ескере отырып, мәселені кеңінен қарау керек деп ойлаймын. Өйткені, тарифтер шынымен де 15 теңгеден бастап 120-150 теңгеге дейін барады. Мұның бәрі, бірінші кезекте азаматтардың төлем қабілетіне байланысты», – деді Ерлан Қаналимов.