Оның денесінің 90% күйіп қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров: «Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жағдайы өте ауыр, денесінің 90% термиялық күйік шалған күйінде түсті. Ем-домға қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды»,– деді.
Ал зардап шеккен екінші науқастың жағдайы да нашар. Ем алып жатыр.
Теміртауда 11 наурыз күні ЖЭО-2 цехының шеберханасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ буы тұтанып, нәтижесінде, газ аппаратурасының слесары мен жөндеуші күйіп қалды.
Оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.