Алты айдан астам уақыт іздеуде жүрген адам пойызда ұсталды. Пробация қызметінің қызметкерлері Көкпекті ауданының полицейлерімен бірлесіп, бұрын іздеуде жүрген сотталған адамды ұстады.
20 жастағы сотталушы былтыр алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмеген. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған.
«Қызметкерлер оны «Алматы – Өскемен» пойызында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оған жазаны 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.
Аймақта «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасы 15-24 наурыз аралығында өткізіледі.