Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер жедел тергеу жүргізді. Оның ішінде, сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алды.
Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов: «Газға уланған бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ орнату фирмаларының бірінде директор болып жұмыс істеген. Тергеуде оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Күдіктілер саны артуы да мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр», – деді.
Ақпан айында Түркістан қаласында бес адам қаза тапты. Тергеуді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке бақылауына алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.