Қазақстандықтарға тегін медициналық сақтандыру және Дүниежүзілік банктен 70 000 доллар ұсынылуда
Қазақстандықтарға тегін медициналық сақтандыру және Дүниежүзілік банктен 70 000 доллар                       ұсынылуда
5,173
оқылды

Қазнет пайдаланушыларына бір жылға тегін медициналық сақтандыру және Дүниежүзілік банктен 70 000 доллар ұсынылуда. COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыссыздықпен күрес аясында ұсынылған «отбасылық грантпен»  осындай көмек алуға болады екен. Бұл – фейк,–деп жазады stopfake.kz.

Дүниежүзілік банктің ресми сайтында мұндай жобалар туралы ақпарат жоқ. СOVID-19 пандемиясының салдарымен күресу үшін банк дамушы елдерді қолдау үшін бірқатар жобаларды іске қосқан болатын. Бірақ олардың бірде-біреуінде жеке тұлғаларға 70 мың доллар көлемінде өтеусіз қаржылық көмек көрсету қарастырылмаған. «Отбасылық стипендия» туралы ақпаратты Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі де жоққа шығарды.

– Бұл өтірік. Мұндай шаралар жоқ,– деп хабарлады Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Шынар Жетпісова.

«Отбасылық стипендия» алу туралы ұсыныс алаяқтардың ісі екенін өтінімдер қабылданатын электрондық мекен жайдан да байқауға болады.  laurano.peta12@gmail.com жеке тұлғаның поштасы және Қазақстандағы немесе өзге елдегі Дүниежүзілік банкке еш қатысы жоқ.