Қазақстан автокөлік трафигі ең нашар елдердің рейтингіне енді
Қазақстан автокөлік трафигі ең нашар елдердің рейтингіне енді
648
оқылды
Трафиктің шамадан тыс жүктелуі бойынша әлемдегі ең нашар елдердің рейтингінде Қазақстан 85-тен 51-орында тұр. Елдің трафик индексі 128,37 болды. Индекс жолға жұмсалатын уақытты, жол қозғалысы кезінде CO2 жұтуды және әлемнің әртүрлі елдеріндегі жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігін бағалайды. Numbeo жариялаған рейтинг дерегінше, Қазақстанда жұмысқа барар жолға кететін орташа уақыт - 33,64 минут. Сонымен бірге СО2 индексі  - 4040,36. Бұл – жұмысқа бару-қайту бағыты кезінде көліктен бөлінетін СО2 бағалау көрсеткіші. Автокөлік трафигі ең нашар елдердің көшін Нигерия, Коста-Рика және Кения бастап тұр. Ал көлік трафигі салыстырмалы түрде жақсы елдер қатарында Дания, Эстония және Австрия бар, олар рейтингтің соңында тұр. автокөлік, трафик, рейтинг Айта кетейік, биыл Қазақстанда көлік-логистика саласына 26,6 млрд теңге бөлінді. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 33%-ке артық.