Елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінің шатыры құлады
Елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінің шатыры құлады
© Сурет ғаламтордан
316
оқылды
Төтенше жағдай Нұр-Сұлтанда 9 ақпан күні орын алды, түстен кейін стадион қызметкерлері шатырды жөндеуге кірісетіні айтылды. Бұл туралы алғаш болып Facebook қолданушысы хабарлаған болатын. Шатырдың бір бөлігі құлады. Төбеде қардың көп мөлшерде жиналуы себеп болған "Сегіз шаршы метр көлеміндегі поликарбонаттан жасалған шатырдың шыны жабындысы сынды. Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында. Оқиға кезінде "Астана-Арена" ғимаратында адамдар болған. Хабарламада айтылғандай, спорт кешенінің қызметкерлері қар жауғаннан кейін шатырды жөндеуге кіріседі. https://www.facebook.com/akmoldayeva/posts/3440083652684979?__tn__=-R