Қордайдағы қақтығыста қазақ жігіті де қаза тапқан – Ішкі істер министрлігі
Қордайдағы қақтығыста қазақ жігіті де қаза тапқан – Ішкі істер министрлігі
© Сурет Азамат Ерғалидің парақшасынан
288
оқылды
Қазақстанның ішкі істер министрлігінде Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан қаза болғандардың арасында Масанчиге басқа ауылдан келгендердің бірі бар екенін растады, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі. Аталған ақпаратты растау үшін ҚазТАГ агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне жүгінді. "Қаза болған адам (Абдурахим – ҚазТАГ) 10 қаза болғандардың қатарына кіреді (олар туралы бұрын ІІМ – ҚазТАГ хабарлады)", - деп хабарлады ІІМ-нің агенттік тілшісіне. Бұл туралы алғаш болып блогер Азамат Ерғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол «Қордай ауданында болған жаппай төбелес пен қарулы қақтығыс кезінде сол ауданның қайтыс болған тағы бір тұрғынының есімі айтылмай келеді», – деген болатын. Оның айтуынша қайтыс болған азаматтың үйіне жергілікті атқарушы орган қызмткерлері мен журналистердің ешқайсы бас сұқпаған. Марқұмның жақындары қайтыс болу туралы куәлікті де ала алмай отыр. Ресми деректерде Дархан Әбдікәрім туралы ақпарат мүлде жоқ. «Қаза тапқан Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол қазақ. Осы күнге дейін туған-туыстары оның қайтыс болғаны туралы куәлік алған жоқ. Дархан жеке тасымалдаумен айналысты. Оның құжаттары машинада болған. Қақтығыс болған түні ол Масанчиге ауданның басқа тұрғындары сияқты көмекке шықты. Жігіт 25 жаста еді. Ол қанға бөгіп жатқан жерінен табылған. Қан басы мен денесіндегі жарақаттарынан ағып жатқан. Көлігі зақымдалып, құжаттары жоғалды. Ол отбасында жалғыз бала болатын. Оның артында үш баласы қалды. Көлігінің несиесі қалды. Жергілікті атқарушы органнан марқұмның ата-анасына әлі ешкім келген жоқ. Журналистер де бармаған. Кешегі күннен бастап эфирлер қайтыс болған дүнген жігіттердің есімімен толып кетті. Неге Дархан туралы ештеңе айтылмайды?» – деп жазды Азамат Ерғалиев өзінің Facebook парақшасында.   https://www.facebook.com/100009955754908/posts/1161750784166769/ Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданында ТЖ режимін жариялауға тапсырма берді.