Бұл туралы Қазақстан Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазба жариялады.
«Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Шығыс Қазақстан облысы белсенділерінің «Абай Арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Стадион қазақтың ұлы ақыны, философтың атында қалуы тиіс», – деп жазды Айдос Үкібай.