Қызылорда тұрғыны арзан пәтер іздеп, алаяққа жем болды
Қызылорда тұрғыны арзан пәтер іздеп, алаяққа жем болды
123
оқылды

Қызылордада қала тұрғыны арзан бағамен пәтер сатып алуға болатынына сеніп, алаяққа кезігіп қалды.

Полицияға алаяқтық туралы өтінішпен 50 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен пәтерді қолжетімді бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 700 000 теңгені құрайды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған, 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен бірге, Жаңақорған ауданының полиция бөліміне Бесарық ауылының тұрғыны өзінің уақ малдары жоғалғанын айтып, арызданған. 15 наурызда түнгі уақытта малшы ауылдағы шаруа қожалығынан 6 бас уақ малдың жоғалып кеткенін көрсеткен. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол қожалықтың қойшысы болып, қозыларды сатып жібергені анықталды. Айғақ зат ретінде қозылар алынып, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 1-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тәртіп сақшылары азаматтарды аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Н.ҚАЗБЕКОВ, Қызылорда облысы