«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қара теңізден соғатын циклон барлық аймаққа әсер етеді.
Сондықтан жауын-шашын, нөсер жаңбыр, қалың қар жауады, жел күшейіп, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы, Қызылорда облысында тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Түркістан облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз Қарағанды облысында көктайғақ болады.
Жамбыл облысында тұман түседі. Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с жетіп, тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Маңғыстау, Ақмола, күндіз Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.