7 млн теңге алименттен жалтарған әке
7 млн теңге алименттен жалтарған әке
166
оқылды

Қызылорда облысында төрт жылдан бері үш ба­ла­сына 7 млн теңгеге жуық алимент төлемей кел­ген аза­мат анықталды. Бүгінде міндетінен жалтарған тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда қаласы прокуратурасы жанынан алимент төлеуден «қашқан» борышкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған. Оның құ­рамында құқық қорғау және әділет органдары, жеке сот орындаушылары бар. «Облыс орталығының тұрғыны 2017 жылдан бері 3 баласына алимент төлеуден жалтарған. Бе­решегі 6 989 224 теңгені құрайды. Осы мақсатта Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп мәлім етті Қы­зылорда қалалық прокуратурасы. Ведомство мәліметінше, жұмысшы топ мүшелері али­мент өндіру санатында берешегі қалыптасқан, өндірілуі қиын­дық туғызып отырған 203 борышкердің тұрғын үйін ара­лау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айбике ЖАНАСЫЛ