«Отырса – орындық, жатса төсек болады» – отандық қоларбаның артықшылығын айтты
«Отырса – орындық, жатса төсек болады» – отандық қоларбаның артықшылығын айтты
380
оқылды
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арбаның отандық нұсқасы шықты, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, оны мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі ойлап тапқан. Төрт мезгілге арналған қол арбалардың 10 түрі бар. Қызметіне қарай олар созылып төсек те болады әрі отырып, тұруға ыңғайлы жасалған. Арбаны құрастырған Ардақ Отарбаевтың мамандығы – инженер-электрик. Тағдырдың жазғанына мойымаған ол екі жыл бұрын тағы бір кәсіпке бет бұрды. Өзі секілді екі досымен бірге астанада қол арба жөндейтін шеберхана ашты. «Инва-Сто» жобасының құрастырушысы Ардақ Отарбаев: «Біз «Инва-Сто» жобасын ашып жаңа арбаларды жөндей бастадық. Бірінші кездері Үкіметтің тапсырыстарымен жөндедік. Өйткені олардан кішкене қаражат алдық. Бірақ көпке созылған жоқ. Бізге керекті құрал-саймандар, арбаға керек заттар – ең қиыны сол болды», – дейді. Былтыр «Дос» орталығының мүмкіндігі шектеулі жандары «Самұрық-Қазына Траст» қорының «Әрекет» жобасына қатысып, 3 млн теңгенің грантын ұтып алды. Жұмыстың ебін білетін жандар бұл қаржыға жөндеу құрылғыларын және қажетті құрал-саймандар алып, әлеуметтік кәсібін дамытқан.