Былтыр үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтіндердің үлесі 4,6% болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.
Былтыр кедейліктің шегі Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында тіркелген. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%).
[caption id="attachment_121150" align="aligncenter" width="1202"] Фото: stat.gov.kz[/caption]
Халық шығыны бойынша келесі статистикада азық-түлікке:
– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 15 978 теңге;
– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 75 535 теңге жұмсаған.
Азық-түлік емес тауарларға:
– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 5 449 теңге;
– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 43 539 теңге жұмсаған.
[caption id="attachment_121151" align="aligncenter" width="1227"] Фото: stat.gov.kz[/caption]
Ақылы қызметтерге:
– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 4 148 теңге;
– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 22 718 теңге жұмсаған.