Алматыда 34 мектепке «бомба қойған» күдіктіні іздестіріп жатыр
Алматыда 34 мектепке «бомба қойған» күдіктіні іздестіріп жатыр
104
оқылды

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытқа дейін 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш зат табылмады. Бүгін таңертең мұндай суыт хабарды 12 мектеп әкімшілігі алған еді. Белгісіз адам білім беру мекемелерінің электронды поштасына жарылғыш зат қойғанын жазып, 500 мың теңгені түскі үшке дейін салуын талап еткен. Қаржы бермесе, мектепті жарып жіберетінін айтқан.

Қазір саперлар мен кинологтар мектептерді тексеріп жатыр. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Күдіктіні іздестіріп жатыр.