Nur Otan Тасмағанбетованың өтінішін орындады
Nur Otan Тасмағанбетованың өтінішін орындады
181
оқылды

Nur Otan партиясының Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық филиалының көмегімен Құмтоғай және Қарақұдық ауылдарының тұрғындары сапалы ұялы байланыс қызметін пайдалануға мүмкіндік алды.

Партия филиалынан көмек сұрап келген  Тасмағамбетова Ләйланың  өтінішіне аудандық мәслихат депутаты Бақытгүл Өтеуова қолдау білдірді. Нәтижесінде Құмтоғай  ауылдық округінде интернет мүмкіндігі артып, жылдамдығы өсіп, тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Осылайша ауылдағы интернет мәселесі толықтай шешімін тапты. Тасмағанбетова Ләйла Құмтоғай ауылының 890 тұрғынының атынан Nur Otan партиясына және аудандық мәслихаттың депутаты Бақытгүл Хамитқызына алғыс айтып, батасын берді.