Жыланбұзған мектебінің ұшып кеткен шатыры бюджет есебінен жөнделетін болды
Жыланбұзған мектебінің ұшып кеткен шатыры бюджет есебінен жөнделетін болды
Фото: Автордан
727
оқылды
Жексенбі күні болған қатты желдің салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Жыланбұзған» жалпы орта мектебінің шатыры түгелдей ұшып кетті.    width= Төтенше жағдай жексенбіде орын алғандықтан, ғимаратта күзеттен өзге ешкім болмаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төлеби ауданының баспасөз қызметі.    width= Аптаның алғашқы күні  шатыры ұшқан мектепті қалпына келтіру жұмыстарына Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің басшылығымен шұғыл комиссия құрылып, келтірілген шығын есептеліп жатыр. Қазіргі таңда көрші Сұлтан-Рабат мектептерінен келген еріктілер шатыр қалдықтарын жинастыру жұмыстарына  кірісіп кеткен. Әзірге, мектеп оқушылары көрші ауылдың білім ұясына 1 аптадай қатынап, оқитын болады. Ол үшін аудандық білім бөлімі тарапынан тасымал да ұйымдастырылмақ.  width= Айта кетейік, 300 орындық «Жыланбұзған» жалпы орта мектебі 2014 жылы пайдалануға берілген. 5 жылға дейін құрылысын жүргізген мердігер компанияның кепілдік мерзімінің аяқталуына байланысты, табиғи апаттан келтірілген шығын аудан бюджетінен қарастырылатын болады. Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы