Депутат 82 жастағы мүмкіндігі шектеулі қарияға арба алып берді
Депутат 82 жастағы мүмкіндігі шектеулі қарияға арба алып берді
321
оқылды
Мойынқұм ауданы Ұланбел ауыл округінің тұрғыны, 82 жастағы қария партияның Мойынқұм аудандық филиалына өзінің мүмкіндігі шектеулі жан екенін айтып, мүгедек арбасын алып беруді өтінді.   Жасы 80-нен асқан қарияның тұрмысы төмен екені айтылған өтініші жауапсыз қалмады. Аудандық маслихаттың депутаты, «1000 Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бұхарбаев Жолдас Жұмағазыұлы өтініш иесінің мәселесін қарап шығып, еңбек ардагеріне мүгедек арбасын алып берді.