Жалған сертификат алғанына шағымданған көпбалалы анаға кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады
Жалған сертификат алғанына шағымданған көпбалалы анаға кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады
213
оқылды
Шенеуніктерден 2 миллион теңгенің жарамсыз сертификатын алған бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваға ақтөбелік кәсіпкер тосын сый жасап, 2 миллион теңге сыйлады, – деп хабарлайды "Диапазон".
"Жұбайым екеуіміз көпбалалы ананың оқиғасын естіп, оған көмектесуге шешім қабылдадық. Біз оған қажет болған 2 миллион теңгені сыйға тарттық", – дейді кәсіпкер Гайк Тертерян. "Екі миллионға үйдің үстіне шамалы ақша қосып, баспана аламын деп ойладым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, берген кезде қуандым. Көршілерім құтты болсын айтып келді. Екі миллион алыпсың деді. Бұл құр қағаз болып шықты. Маған бұл ақша берілген жоқ",– дейді Айсұлу Күздібаева.
Бұған дейін Ақтөбеде көпбалалы ана өзіне берілген сертификаттың жарамсыз екенін айтқанын хабарлаған болатынбыз.