Президенттің баласы министр болып тағайындалды
Президенттің баласы министр болып тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
482
оқылды
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов өз ұлы – Сердар Бердымұхамедовті өнеркәсіп және құрылыс министрі етіп тағайындады. Бұл туралы сол елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Отыз сегіз жастағы Сердар Бердымұхамедов осыдан бір жыл бұрын  Ахал уәлаятының әкімшілігін басқарушы болып тағайындалған еді. Оған дейін аталған уәлаят басшысының орынбасары, сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған ол парламент депутаты да болған екен. Тұмар МЫРЗА