Павлодарда есірткі сатушылардың басшысы 18 жылға сотталды
Павлодарда есірткі сатушылардың басшысы 18 жылға сотталды
133
оқылды
Есірткі заттарын заңсыз жеткізу Жамбыл облысының Шу ауданынан және аталған облыс тұрғынының ұйымдасқан топ мүшесінің қатысуымен жүзеге асырылған,– деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
« 2019 жылғы қарашада Павлодар облысының полиция департаменті арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының аумағында есірткі құралдарын заңсыз өткізумен ұзақ уақыт бойы айналысқан облыс орталығының тұрғыны бастаған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Қылмыстық топ басшысы мен оның ұлдарының тұрғылықты жері бойынша ауқымды тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде «гашиш», «героин», сондай-ақ 200 келіден астам «марихуана» есірткі, сондай-ақ атыс қаруы тәркіленді.
"2020 жылдың 30 желтоқсанында Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 7 қатысушы, оның ішінде асырауында 3 кәмелетке толмаған баласы бар әйел 16 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп атап өтті Рашад Өтеуов.