Лондонда Huawei-дің «Технологияға сенім арту» симпозиуымы өтті. Сол жерде Huawei бизнес тобының бас техникалық директоры Пол Сканлан ұялы телефон, оның ішінде 5G-ға сенім артудың бес себебімен бөлісті.
Біріншіден, 5G зиянды электромагниттік өріс тудырмайды. Мұны Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мәлімдеген болатын. Өйткені елдің көпшілігі жоғары жиілікті толқындары зиянды деп қорқады. Бірақ базалық станциялар мен сымсыз желілерден келетін толқындардың деңгейінің төмен болғаны соншалық, «олар мардымсыз әрі адам денсаулығына әсер етпейді» екен.Екіншіден, бұл маркі 4G-ге қарағанда қауіпсіз. Өйткені, 128 биттік 4G стандартынан әлдеқайда жоғары 256-биттік қауіпсіздік алгоритмі. Бесінші буын миллиардтаған құрылғыларды интернетке қосады, бірақ жеке қауіпсіздікке нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, бүкіл әлемде экономикалық өсім баяулауда. Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда соғысы жағдайды ушықтыруда, бұл өз кезегінде жалпы белгісіздікті арттыруда. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, жаһандық экономика биыл 2,9 пайызға, ал 2020 жылы тек 3 пайызға өседі деп болжайды. Бұл 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі ең төменгі жылдық өсу қарқыны. Бірақ 5G өндірістік және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға жаңа өмір береді. STL Partners консалтингтік компаниясы 5G қосымшалары 2030 жылға қарай жаһандық ішкі жалпы өнімге 1,4 трлн АҚШ долларын қосуы мүмкін дейді. Бұдан көптеген салалардың пайда көретіні айтылуда, соның ішінде екі саланың арту үлесі ерекше болатындығы болжаулануда. Өңдеу өнеркәсібінде 2039 жылға қарай 4% (шамамен 740 млрд. АҚШ доллары) өсу күтілуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы 90 миллиард АҚШ долларын үнемдей келе, 5G 1 миллиард жаңа пациенттердің медициналық қызметке қол жетімділігін жақсарта алады. Қосылған жедел жәрдем сияқты жаңа қосымшалар нәтижелерді одан әрі жақсартады. 5G сізге қосымша құрылғыларды қосуға және көбірек деректер жинауға мүмкіндік береді. Бұл деректердің жоғалуын болдырмау және кідірісті 10 миллисекундқа дейін азайту үшін сенімді байланысты қамтамасыз етеді, яғни барлық ақпарат нақты уақытта жиналады. Мұның бәрі негізгі салалар мен жалпы экономиканы ынталандырады. Төртіншіден, 5G 4G-ге қарағанда аз көміртек бөледі. Мәселен, 5G желісі ең жоғары жылдамдықта жұмыс атқарған кезде де 4G-ге қарағанда аз көміртек шығарады. Бұл 5G желілерінің 4G-мен салыстырғанда, берілген деректердің әр битіне 10 есе көп энергия жұмсауымен байланысты.Егер біз өсіп келе жатқан ғаламдық трафикті 4G-мен шешуге тырыссақ, сымсыз технология индустриясының көміртек мұрасын екі есе көбейтетін едік. Керісінше, 5G-дің тез қабылдануы 2030 жылға қарай әлемдік көміртегі шығарындыларын жарты миллиард тоннаға азайтуға көмектеседі. Бесіншіден, 5G сандық жүйелерге деген сенімді арттырады. Сканланның 5G технологиясына сенім арттыратын бесінші және соңғы себебі ол адамдардың 5G-дің қаншалықты жақсы жұмыс істейтініне, оның қаншалықты қауіпсіз екеніне, қанша жаңа қосымшалар мен қызметтерді ұсынатынына және оны қолданудың экономикалық тиімділігі туралы біле бастағандағы қабылдауы. Сканланның пікірінше, осы технология еңгізілгеннен кейін адамдар жалпы сандық жүйелерге көбірек сенетін болады. «5G технологиясы күрделі», - дейді Сканлан. «Технологияны еңгізу шарасын дұрыс өткізу мақсатында Huawei ең жақсы зерттеушілерді жалдады және әлемнің түкпір-түкпірінен талантты мамандарды тарта отырып, әр түрлі аймақтарда ғылыми орталықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде біздің 5G технологиямызды Еуропа, Канада және Азиядан келген адамдар жасаған болып шықты. Ғаламдық таланттардың бұл экожүйесі жұмыс барысының ашықтығын қалыптастыра келе, озық технологияны шығаруға өз септігін тигізуде. Сканлан киберқауіпсіздік пен құпиялық туралы пікірталас жүргізген кезде әділ көзқарасқа шақырып, нақты деректерді ұмытпауды тілге тиек ете келе: «Қорқыныш пен күдік жайлаған жұмыс райын болдырмау үшін, біз рискке әкеп соғу мүмкіншілігі жоғары сәттерді басқару және оның салдарын жұмсарту, стандарттау және тестілеу, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізудің этикалық салдары мәселелері сынды сенім арту арқылы жүзеге асатын кәсіби қарым-қатынас тұстарын қарастыруға ұжымды және үздіксіз түрде атсалысуымыз қажет», - деді. Заманауи техникалық ортада бұл салиқалы мағынаға ие жұмыс жасаудың жалғыз тәсіл.